Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережелерін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 230 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырауда жол ережелерін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 230 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырауда 17 маусым күні сағат 07:50 шамасында бірнеше мәрте жол ережесін бұзған 18 жастағы көлік жүргізушісі анықталды. Оқиға Әбілқайырхан мен Р. Габдиев көше қиылысы тұсында орын алған. Ол қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде қарсы бағытпен және маневр ережесін бұзып, сондай-ақ артпен қозғалыс жасап, қозғалыс кезінде жолаушысы көлік құралының терезесінен басын шығарып келе жатқан.

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалып, Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған Nissan Altima автокөлігін байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Патрульдік полиция қызметкерлері Әбілқайырхан даңғылы тұсында аталған автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде автокөліктің мектеп бітіру кешінде кортежде жүргендігін анықтайды.

Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, 18 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігімен және 3-бөлігімен, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан), ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабынаң 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлігімен (Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 229 725 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, Nissan Altima автокөлігінің 18 жастағы екі жолаушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 6 126 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру