Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы ПД бастығы Әуезов ауданында болды

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов мегаполистің ең ірі әрі халық тығыз қоныстанған аудандарының бірі – Әуезов ауданында жұмыс сапарымен болды. Ауданда жүздеген мың тұрғын тұрады, ірі көлік тораптары, халық көп жиналатын орындар және көлік қозғалысы қарқынды учаскелер орналасқан, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс сапары Әуезов аудандық полиция басқармасының басшылық құрамымен өткен кеңестен басталды. Кездесуде жедел жағдай, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралып, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Жұмыс сапары барысында Алматыдағы негізгі көлік тораптарының бірі саналатын автобекет аумағына ерекше назар аударылды. Мұнда күн сайын мыңдаған жолаушы қатынап, қалааралық тасымалдың едәуір бөлігі жүзеге асырылады.

Департамент бастығы жол қозғалысын ұйымдастыру, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдаушылардың заң талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстармен танысты.

Сонымен қатар Алматы қаласы полиция департаменті, көліктік бақылау инспекциясы және Алматы қаласы әкімдігінің жол қозғалысын және жолаушыларды бақылауды ұйымдастыру басқармасы арасында өзара іс-қимыл туралы үшжақты меморандум жасалғаны атап өтілді. Құжат жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға және бірлескен профилактикалық іс-шараларды үйлестіруге бағытталған. Бұл мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіріп, тасымалдаушылардың қызметіне бақылауды күшейтуге және жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Одан кейін департамент бастығы реконструкциядан кейін қаланың ең көп баратын қоғамдық кеңістіктерінің біріне айналған жаңартылған Сайран көлінің жағалауында болды. Нысанды аралау барысында патрульдеу жұмыстарын ұйымдастыру, жарықтандырудың жеткіліктілігі, бейнебақылау жүйелерінің жұмысы, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз демалысына жағдай жасау мәселелері зерделенді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бөлімше басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру және азаматтардың қауіпсіздігіне жауапты барлық қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

— Әуезов ауданы – Алматыдағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Халықтың тығыз орналасуы, көлік қозғалысының жоғары қарқыны және қоғамдық кеңістіктердің көптігі барлық мемлекеттік органның тұрақты бақылауы мен үйлесімді жұмысын талап етеді. Біздің басты міндетіміз – әр тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтап, олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау. Бүгінде күнделікті жұмысымыздың негізіне айналған “Заң мен тәртіп” қағидаты да осыған бағытталған, – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру