Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті
Нұр-Сұлтан қаласында ауа-райының қолдайсыздығынан 100-ге жуық жол-көлік оқиғалары орын алды деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңғы 09.00 шамасында Қарағанды трассасы бойындағы «Кенмарт» гипермаркеті мен май құю бекеті арасында 1972 жылғы жүргізуші тізгіндеген № 80 бағыттағы автобус жол жүру бағытынан шығып кетті.
Автобуста 9 жолаушы болған. Жапа шеккендер жоқ.
Патрульдік полицияның үш экипажы барлық жолаушыларды “Встреча” дүкенінің ауданында жылы аялдамаға жеткізді. Бірнеше минуттан кейін оқиға болған жерде жедел жәрдем кілт тоқтап оған № 29 бағыттағы автобус келіп соғылады. Жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Құрметті жүргізушілер, қалалық полиция департаменті, ауа- райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының қозғалысы үшін жолдың жекелеген учаскелері жабылғанын жеткізеді. Халыққа көмек көрсету үшін Департаменттің жеке құрамы толығымен жұмыс істеп тұр. Елорда тұрғындарына түсіністікпен қарауыңларыңызды сұраймыз. Патрульдік полицейлердің талаптарын орындап, жүру бөлігіне жеке көліктерді қалдырып, жинау техникасына кедергі жасамауларыңызды өтінеміз.
23 қаңтар күні түнгі уақытта қалада жүз жол-көлік оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.