Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 қой ұрлаған азаматтар 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мал ұрлығы үшін жазалау шаралары күшейтілді, сондай-ақ жаңа “мал ұрлығы” бабы енгізілді.

Енді мал ұрлығымен “шұғылданатындарға” мөлшерлі мерзім берілетін болды. Мал ұрлығына қатысы бар Павлодар облысының тұрғындары енді үш қой ұрлағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қаңтар айында Ертіс ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғынынан ұрлық туралы телефон хабарламасы түскен. Амангелді ауданының тұрғындары бейтаныс сарайдан үш қойды қолды қылған.


Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілер ұсталып , тексеру жұмыстары жүргізілді. Ұрланған мал иесіне қайтарылды. Ертіс ауданының учаскелік инспекторы полиция капитаны Игберлинов Мәди қойлар тиелген автомашинаны құрықтады. Көлік Ертіс ауылының тұрғын үйінде тәркіленді. Ал,көлік иесі мен күдіктілер Павлодар қаласында қолға түсті.

Тергеу барысында 24-27 жастағы күдіктілер анықталды.Олар ұрланған қойларды ауыл тұрғынына 45 мың теңгеге сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қолды болған мал тәркіленіп, толықтай өз иесіне қайтарылды.
Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясына сәйкес 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Ұрланған қойларды сатып алған азаматқа қатысты Қылмыстық кодексінің 196-бабы (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру