Полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қаруды бақылау бөлімшелерінің қызметкерлері тұрғындарға 4700 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Оның ішінде 2000 – ға жуығы солтүстік қазақстандықтар мен аймақтағы 55 заңды тұлғаға қару мен оның патрондарын алуға рұқсат қағазы берілді.
Азаматтық және қызметтік қарулардың айналымын бақылау бөлімшелері қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі толығымен электронды форматқа көшірілді. Полицейлер 8 қызмет түрін қағаз жүзінде ұсынған – бұл комиссиялық сатылымға жолдама болатын. Өткен жылдың соңынан бастап бұл қызмет те алынып тасталды. Енді, қаруын сатқысы келетін адамдар дүкенге барып, жеке куәлік пен қаруды сақтауға рұқсатын көрсетсе болғаны. Азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ұзарту тәртібі де алынып тасталды. Бұдан былай әр 5 жыл сайын қару иелері «электронды үкімет» порталы арқылы жаңа рұқсат алып отырады.
«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы оларды халыққа қол жетімді етуге болады», – дейді полиция майоры Құрман Мусин.
– Бұрын рұқсаттарды жаңарту кезінде адамдар полиция бөліміне оның техникалық жағдайын тексеру үшін қару алып келуі керек болатын. Бұдан бұлай уақыт бөліп полиция бөліміне қаруды апарып, көрсетудің қажеті жоқ. Қарудың техникалық жай-күйі тұрғылықты жердегі кезекті тексеру кезінде сақтау жағдайымен бірге анықталады».
Бір жыл ішінде 8252 қару иесі тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтардың көпшілігі – яғни, 500-ден астам факт – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 484 бабы «Азаматтық және қызметтік қаруды алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзу» санатына кіреді. Қару иелері көп жағдайда оқ-дәрілер мен қарудың қауіпсіздігін толығымен сақтауды қамтамасыз етпей, кешенді ережелерін бұзады. Полиция қызметкерлері ескертеді: сейфтер еденге немесе қабырғаға бекітіліп, қалыңдығы кемінде 3 мм болуы керек, оларда қарумен байланысты емес заттарды сақтауға тыйым салынады.
Осы жылы заңсыз сақталған қару иесін анықтаудың алғашқы оқиғасы М.Жұмабаев ауданыазаматтық және қызметтік қаруларының айналымын бақылау қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асты. Құрылым қызметкерлері учаскелік инспектормен бірге ауланы айналып өтіп, осы маңдағы үйдің ауласынан ИЖ-18 маркалы тегіс ұңғылы мылтықты тапты. «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау» бабы бойынша 1990 жылы туған ауыл тұрғынына қатысты іс материалдары сотқа жолданды.
Өткен жылы осы бап бойынша бөлімше қызметкерлері осындай 53 фактіні анықтады. Жалпы, қару иелерінің 905 түрлі әкімшілік заңнаманы бұзуы жағдайлары анықталды.