Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда адасып қалған адамдарды полицейлер құтқарды

Шығыс-Қазақстан облысының полицейлері жолда адасып қалған адамдарды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 қаңтарында Катонқарағай ауданы Үлкен-Нарын ауылы маңында «Өскемен-Рахман қайнары» тас жолының 224 километірі бойындағы ауыл аралық егістік жолында «ВАЗ-2114″ маркалы автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізушісі  және оның 47 жастағы жолаушысы туысқандарына телефон шалып, көліктің қарда батып, адасыпқалғандарын хабарлаған. Орындарын нақты айта алмай, жоғалаған жердің атауын ғана атаған жолаушылар Катонқарағай АПБ ЖПҚ УПИ Радмир Бутабаев, АПБ ӘПБ инспекторы Жеңіс Қонақаевжәне 27өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобының жедел іздестіру әрекеттері арқасында жолда қалып, қиналған жандар аталған аумақтан табылып, оларға дереу құтқару жұмыстары өткізілді. Жолаушылар аудандық ауруханаға жеткізіліп, денсаулықтары тексерілді, үсік шалу фактілері анықталмады. Құтқарылған жолаушылардың айтуынша, тоңып, үсіп қалмаудың алдын алу үшін олар автокөлік салонында қағаз өртеген.

Аман-есен еліне жеткен азаматтар:

 Полицейлер болмаса, біз жолда адасып, суықтан үсіп қалар едік. Полиция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз,-деп жүрекжарды сөздерін жеткізді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, халыққа қандай жағдай болмасын бірінші кезекте көмек көрсету олардың басты міндеттерінің бірі.

Полицейлер шығысқазандықтарға ауа райы нашарлығына байланысты алыс-жақын сапарларға шығудан бас тартуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру