Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша арнайы семинар өткізілді

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша арнайы семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде, оның ішінде Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары тарапынан көптеген рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп отырады. Сонымен қатар полицейлер соңы ауыр аяқталатын және адам шығындары болатын жол-көлік оқиғаларын мейлінше болдырмау аясында да жұмыстарды кешенді жүргізіп келеді. Десек те, кей кездері жол апаттары орын алып жатады. Осындай кезде жәбірленуші, күдікті, қорғаушылар мен прокуратура, сот тарапынан полиция қызметкерлерінің жұмысына наразылық танытпауы үшін, жұмысты дұрыс жүргізуге бағыттайтын арнайы семинар өткізілді.

Мәселен, оқиға орнын қарау жүргізу және сызбаларды сызу барысында кемшіліктерге жол бермеу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында дұрыс саралау және сараптамаларды дұрыс тағайындау, іс бойынша заңды процессуалдық шешімдер қабылдау керектігі қайта түсіндірілді.
Семинар сабағына ҚР Әділет министрлігінің “Сот сараптамалар орталығы” РМҚК-ның Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының директоры Ш.Тасыбаев, Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сот-медициналық сараптаманың бөлім менгерушісі Р.Курбанов арнайы келді. Іс-шараға Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Орадабасы АПБ-нің қызметкерлері қатысып, алдағы жұмыстарына қажетті кеңестер алып, тәжірибе алмасты. Түркістан облысы ПД Анықтау басқармасының бастығы Мұрат Ермековтің төралығымен өткен кездесуде, полицейлерге жоғарыда көрсетілген қызметтерде кемшіліктер жібермеу ұғындырылды.

Сонымен қатар аталмыш шара Сарыағаш АПБ-нің ғимаратында жалғасты. Мұнда Сарыағаш, Қазығұрт, Келес АПБ-нің қызметкерлеріне сабақ жүргізілді. Семинарға ҚР Әділет министрлігінің “Сот сараптамалар орталығы” РМҚК-ның Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сот-медициналық сараптаманың сарапшысы Ж.Пернебек қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру