Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау” акциясы: СҚО полицейлері 200-ден астам сұрақ пен өтініш қабылдады

СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясының алғашқы күнінде 200-ден астам сұрақ пен өтініш қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық “Жолда қабылдау” акциясының алғашқы күнінде солтүстікқазақстандық полицейлерге 200-ден астам сұрақ пен өтініш келіп түсті. 

17-18 маусым күндері СҚО полицейлері әкімшілік полиция, процессингтік орталықтың және жергілікті полиция қызметінің негізгі жұмыс бағыттары бойынша консультативтік-түсіндіру жұмысына тартылды. Әлеуметтік желілердің әлеуеті белсенді түрде пайдалануда: қызметкерлер Facebook және Instagram-дағы қызметтік аккаунттарында тікелей эфирлер жүргізеді, тікелей эфирлер кезінде азаматтарға жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысы туралы ақпарат беріп, сұрақтар мен тілектерді қабылдайды. СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасында жұмыс уақытында (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефон нөмірлері бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Қиылыстардан өту тәртібі, автокөлікті және жүргізушілер құжаттарын тіркеу, жасыл қоршаулар, жол белгілерін орнату – сұрақтар түрлі тақырыптарды қамтыды. Көп жағдайда желі қолданушылары жол белгілерінің көрінуіне кедергі келтіретін жарнамаға назар аударуды, бау-бақша қоғамдарының маңындағы көлік қозғалысына тыйым салатын жол белгілерінен өтіп кететін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне қатысты шараларды қабылдауды сұрады.

Эфирлерге Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов және Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов қатысты. Басшылар ақпаратты назарға алып, желідегі аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, акция шеңберінде аудан орталығы Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

– Аталған жұмыс форматы жағдайдан хабардар болып, ішкі істер органдарының құзыретіне жататын проблемалық сұрақтар бойынша уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді, – деді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Бірқатар тікелей эфирлер, сондай-ақ облыстық ПД әкімшілік полиция аппараты басшылығының Қызылжар ауданы Соколовка ауылының тұрғындарымен кездесу сенбі 18 маусым күні өткізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру