Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдарда алдын алу жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысының Полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» және ТЖД-мен бірлесіп, облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 19 желтоқсанда сағат «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы жалпы ұзындығы 233 км құрайтын М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1824-2057 км учаскесінде (Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеді.

Облыстың жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС мамандарымен бірлесіп, аталған автожолдың көрсетілген учаскесінің жай-күйін тексерді.

Тексеру нәтижесінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты (жаңбыр, қар) жолдың асфальт қабатында мұз пайда болғаны анықталып, көлік құралдарының қозғалысын шектеуге ПД ЖПҚБ патрульдік полициясы ротасының бес экипажы, сегіз қызметтік автокөлікпен Шиелі ауданы ПБ-нің 40 қызметкері, сондай-ақ бес қызметтік автокөлікпен Жаңақорған ауданы ПБ-нің 13 қызметкері жұмылдырылды.

Жол қозғалысын шектеу барысында «Қазавтожол» ЖШС-нің 12 арнайы техникасы мен 24 қызметкері «Самара-Шымкент» тас жолының мұз басқан учаскелеріне 120 тонна құм-тұз қоспасын төседі.

«Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығындағы жолдың түрлі аумағында көктайғаққа байланысты, бес автокөлік жүргізушісі көлік құралының басқару жүйесіне ие бола алмай, жол-көлік оқиғалары орын алды (үш автокөлік аударылған, бір автокөлік металл қоршауларға соққан, бір автокөлік жол жиегінде тұрған автокөлікке соқтығысқан), нәтижесінде аталған автокөлік иелеріне материалдық залал келтірілді.

Орын алған жол – көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру