Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан көлік тізгіндеген

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 2020 жылдың қазан айында көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған көлік жүргізушісінің қайтадан көлік басқарып жүргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсан күні Шиелі ауданының полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкері сағат 05:10 шамасында Шиелі кентінің Абылайхан көшесінің бойында “Opel Vectra” маркалы автокөлікті  тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында жүргізушіден спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрғанын байқап, көлік тізгінінде отырған азамат Шиелі аудандық ауруханасына жеткізілген, дәрігер-наркологтың қорытындысына сәйкес аталған жүргізуші орта дәрежелі алкогольді масаю күйінде екені анықталды. 

Тексеру барысында аталған азаматтың 2020 жылдың қыркүйек айында ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген құқық бұзушылық жасап, 2020 жылдың қазан айында Шиелі аудандық сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру