Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Қызылорда қаласында “Мерседес Бенц” автокөлігінің жүргізушісі алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының партрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында 3 желтоқсан күні Рыскулов-Шевченко көшелерінің қиылысында “Мерседес Бенц” автокөлігін тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары көлік құралының құжаттарын тексеру барысында 35 жастағы жүргізушінің көлікті алкоголь ішкен күйде жүргізіп келе жатқанын анықтады. Медициналық сараптама жүргізушінің мас болғанын растады.

1985 жылы туған жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Қызылорда қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру