Жоқ көлікті сатқан алаяқтың әрекеті әшкереленді
Көлікті сатып алу үшін тұрғын алаяққа қомақты ақша аударған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 шілдеде Батыс Қазақстан облысының 50 жастағы тұрғыны Осакаров ауданының полиция бөліміне жүгінді. Ол алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді.
Жәбірленуші Осакаров ауданы тұрғындарының бірімен «Газель» көлігін сатуға келіскені белгілі болды. Төлем ретінде ол сатушының шотына 1 миллион 200 мың теңге аударған. Бірақ ол көлікті көрмеген. Алданғанын түсінген ер адам полицияға жүгінді.
Полиция қызметкерлері 58 жастағы күдіктіні анықтады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.