Жоқ пәтерлерді жалға берген тағы бір алаяқ ұсталды
Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген тағы бір алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктіні қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміндегі әріптестерінің көмегімен ұстады.
– 24 жастағы А.есімді әйел пайда табамын деп пәтерлерді нарықтан төмен бағада жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Клиенттермен келіссөздер тек телефон арқылы жүргізілді және оларды өзінің ниеттінің тазалығына көз жеткізіп, алдын ала төлемді банк картасына аударуды ұсынды. Жәбірленушілер ақша аударғаннан кейін әйел бірден ұялы телефонын өшіріп тастаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірнеше зардап шеккендер анықталды. Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Нағыз жарнаманы алаяқтықтан ажырату үшін полиция, ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың түпнұсқалығын тексеруді ұсынады. Күдікті келіссөздерден аулақ болыңыз. Алдын ала төлем жасамаңыз және олардың түпнұсқалығын тексергеннен кейін қызметтерге ақы төлеңіз.