Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖШС-ға тиесілі 4 миллион теңгені иемденіп кеткен қарағандылық ұсталды

Қарағанды қаласының тұрғыны ЖШС-ға тиесілі төрт миллион теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде бір ЖШС-нің есепшісі Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінді. Белгілі болғандай, белгілі бір адам тендерге қатысу сылтауымен ЖШС-ға тиесілі төрт миллион теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған.

Күдікті, 19 жастағы жігітті анықтап, жедел-тергеу тобы ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық ірі көлемде жасалған» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру