Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналастырамын деп танысын алдап кеткен Шымкент тұрғыны ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырамын деп танысын алдап кеткен Шымкент тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында өзінің танысы мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала 1 млн теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде оның жеке басын анықтады. Ол шымкенттік, жұмыссыз ер адам болып шықты. Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Бұдан бөлек оның алаяқтықтың тағы бір жайтына қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру