Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа тұрғызып беремін»: қызылордалық тұрғын 800 мың теңгесінен айырылды

Қызылордалық тұрғын алаяқтың арбауына түсіп, 800 мың теңгесіз қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды. Оный айтуынша, 28 тамыз күні белгісіз біреу арызданушыны жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, 800 мың теңге ақшасын жымқырған.
Осы күнге дейін аталмыш адам уәде етілген жұмысыда ақшаны да қайтармаған.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, осы жайтқа қатысы бар 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың басқа да оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру