Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мəйіт табылды: жоғалған ер адамның мəйіті болуы мүмкін

Қызылорда облысында мəйіт табылды. Із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті болуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйек Қызылорда облысының тұрғыны өз басқаруындағы жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына шығып, хабар-ошарсыз жоғалу дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.

Қылмыстық істің төңірегінде хабар-ошарсыз кеткен ер адамды анықтау бағытында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топтар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық гвардияның сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары мен еріктілер тартылып, жұмылдырылған.

Кешенді іздестіру іс-шараларына арнайы техникалар мен тік ұшақ қолданылды.

Нәтижесінде, 19 қазан “Қызылорда-Жезқазған” тасжолының 128-шақырымынан хабар-ошарсыз жоғалушының иелігінде болған жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған.

22 қазан сағат 13:25 шамасында кешенді іздестіру іс-шараларын жүргізу және оқиға болған аймақты сүзгілеу нәтижесінде “Қызылорда-Жезқазған” тасжолының 128-шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды.

Тергеу органымен осы далалық жерден табылған белгісіз азаматтың мәйіті хабар-ошарсыз жоғалған ер адамға тиесілі болуы мүмкін екеніне болжам жасалған.
Қазіргі уақытта оқиға болған жерге жедел-тергеу тобымен және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осы ретте, мәйітті тануға ұсыну туралы тергеу әрекетін және тиісті сот-сараптамаларын жүргізу нәтижесінде белгісіз азаматтың мәйіті нақты кімге тиесілі екені анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру