Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік құралдарының рұқсат етілген шу нормаларын бұзған 31 шымкенттік жауапқа тартылды

Көлік құралдарының рұқсат етілген шу нормаларын бұзған 31 шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында 13 қазаннан бастап “Тыныш қала” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты – тыныштықты бұзу жайттарына жол бермеу, оның ішінде рұқсат етілген шу нормаларын асырған немесе өңделген газдарды шығару жүйесіне өзгерістер енгізілген көлік құралдарын қолдану мәніне тексерістер жүргізу және жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау.

Қазіргі таңда автокөлік және мотокөліктердің дыбыс қаттылығының деңгейі Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қолданысындағы арнайы шу өлшегіш құралы (шумомер) арқылы тексеріліп, 31 құқық бұзушылық жайты анықталған. Нәтижесінде, жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру