Жүрек түкпірінен шыққан туынды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қарасты ОВ 156/22 мекемесінің қызметкері Камшат Кокебаева Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына жыр шумақтарын арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абаймен – дара, аспанда Ай да, Күнменен,
Абаймен – дана, қазақтың сара тілменен,
Қазақтың иісін, сезіне алмайд(ы) мұрасын,
Абайды танып, Абайды оқып білмеген.
1 жарым ғасыр өтсе де сонау заманнан,
5 түрлі асық – қашық бар асыл адамға
Өтірік, өсек еріншек, бекер мал шашқан
Қазіргі қайғы боп тұрған мынау ғаламға.
Адалдық пенен қамқорлық жанға сыйлай ма,
Жақсылық көрсе, ойына оны жимай ма?
Ақылмен жеңіп, наданның айтқан сөзіне,
Әуенді әсем, құлаққа құйып тыңдай ма?
Қор болып сөзі дананың көсем еліне,
Үлгі еткен оқу – білімді туған жеріне,
Жастарға қарап, айтылған сөздің қадірі
Соларға бәлкім жетсе екен деген сенімде.
Баптаса қыранды да не алмайды?
Қанжыға майланбаса тұра алмайды.
Абайды оқығаннан ешбір жанның,
Қайралмаса жігері мұқалмайды.