Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

21 бас жылқы табылды

Павлодар облысында жоғалған 21 бас жылқы табылып, иесіне табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында орналасқан “Рыжов” шаруа қожалығының басшысы Ванда Мага Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовке учаскелік полиция инспекторы Дәулет Балгин мен оның көмекшісі Руслан Мусадиловке жылқыларын іздестіруде көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді.

2020 жылдың 14 қарашасынан 15 қарашасына қараған түні Ольгинка ауылының еркін жайылымынан 21 бас жылқы жоғалған.

Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған учаскелік полиция инспекторы Дәулет Балгин мен оның көмекшісі Руслан Мусадилов бес күннен кейін жылқыларды Аққулы ауданынан тауып, иесіне қайтарған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру