Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізу куәлігін жасап беремін”: 18 жастағы ақтөбелік алаяққа алданды

18 жастағы ақтөбелік алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы маусымда 35 жастағы қала тұрғыны жүргізу куәлігін жасап беру сылтауымен алаяқтық арқылы 18 жастағы жергілікті тұрғынынан 110 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген. Полиция қызметкерлері алаяқты ұстап, күдікті бұдан бұрын да ұқсас алаяқтық іспен айналысқаны анықтады.

Күдікті ұсталды, мойындау айғақтары бар. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру