Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан Петропавлда 45 велосипед ұрлығы тіркелді

Жыл басынан Петропавлда 45 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлауда күдіктіні ұстады. Қараусыз қалдырылған және арнайы құрылғыға бекітілмеген велосипед үй подъезінен қолды болған. 

Бірер күн бұрын Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөліміне Интернациональный көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен қою жасыл түсті HАMMER велосипеді ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Жәбірленуші велосипедтің ұрланғанын кешкі сағат сегізде анықтаған және бірден полицияға жүгінген. Қылмыс жасалған аудандағы бейне бақылау камераларының жазбалары зерделеніп, нәтижесінде күдікті анықталып ұсталды.

Күдікті Жұмысшы кентінің 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қала орталығымен үйіне масаң күйде кетіп бара жатқан ер адам ашық тұрған үй подъезінде тросқа бекітілмеген велосипедті байқайды. Екі дөңгелекті көлікті ұрлап мініп кетеді. Оны үйіне қойып қойған. Келесі күні оны полицейлер ұстаған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Велосипед алынып, иесіне қайтарылды. Тергеу жүргізілуде.

Полицейлер велосипед міну маусымы дәл ортасында екенін атап өтті. Тауда, тас жолда жүретін, BMX, жасөспірімдерге арналған велосипедтер айтарлықтай қымбат тұрады. Велосипедтің қолды болуы отбасылық бюджетке шығын келтіріп, баланың көңіл-күйін түсіреді. Тәртіп сақшылары екі дөңгелекті көлікті дүкеннен қасында, аула мен үй подъездерінде қараусыз қалдырмауға шақырады. Айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыларды пайдаланып, бейне бақылау жүйесі бар жерлерге қалдырған жөн, велосипедтің маркасы мен сериялық нөмірін білу керек. Ұрланған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажет.

Жыл басынан Петропавл қаласында 45 велосипед ұрлығы тіркелді. Оның жартысы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру