Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай ауданының тұрғыны экстремистік материалдарды сақтағаны үшін сотталды

Қостанай ауданының тұрғыны экстремистік материалдарды сақтағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерімен интернет ресурстарына мониторинг жүргізу барысында Қостанай ауданы Тобыл қаласы тұрғынының ашық түрде (“Вконтакте” әлеуметтік желісінде) діни алауыздықты өршіту белгілері бар, діни сипаттағы материалдар анықталды.

Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша Қостанай ауданы сотымен аталмыш әйел 70 АЕК көлемінде айыппұл төлеумен Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 453-бабының 4-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері барлығы діни қатынастар саласында 11 құқық бұзушылық анықталды. Діни және экстремистік сипаттағы материалдарды заңсыз сақтау мен таратудың, сонымен қатар діни және қоғамдық бірлестіктер жарғысы сыртындағы қызметті жүзеге асырудың сегіз фактісі бойынша облыс соттарымен құқық бұзушылықтар жалпы сомасы бір миллион теңгеге айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өңір тұрғындарын күмәнді интернет-сайттары мен топтардан алынған діни сипаттағы материалдарды сақтау және таратумен айналыспауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру