Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігі жоқ қызылордалық азамат мас күйде көлік басқарған

Қызылордалық тәртіп сақшылары көлік құралын басқару құқығы жоқ 29 жастағы мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 16 қазан сағат таңғы 04:10 шамасында болған. Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция бекет қызметкерлері Nexia автокөлігінің жүргізушісін құжаттарын тексеру мақсатында тоқтатқан. Тәртіп бұзушы тексеру нәтижесінде 29 жастағы қала тұрғыны екені және де көлік құралын басқару құқығы жоқ масаң күйде көлік тізгіндегені анықталды.

Көлік құралын басқару кезінде өрескел құқық бұзушылық жасаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Мас күйде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру