Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада дүкеннен жасалған ұрлық камераға түсіп қалған

Астанада дүкеннен жасалған ұрлық камераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кассадан ақша ұрлады деген күдікке ілінген азаматты құрықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, 28 жастағы Ақмола облысының тұрғынын анықтаған. Тәртіп сақшыларының қаскүнемді табуына қылмыс жасалған сәттің бейнебақылау камераларына жазылып қалғандығы көмек болған.

Аталған күдікті таңғы сағат 04:30 шамасында ет сататын дүкенге терезені сындырып кіріп, кассадан 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып үлгерген. Оның бірден оқиға орнынан ізін суытып, жымқырған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап тасатағаны белгілі болған.

Осы фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру