Жүргізуші куәлігін дайындаймын деп тұрғынды алдаған шымкенттік анықталды
Жүргізуші куәлігін дайындаймын деп тұрғынды алдаған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына 102 нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы жүргізуші куәлігін дайындап беремін деп сеніміне кіріп, 150 000 теңге көлемінде ақша алған. Алайда ешқандай куәлік дайындап бермей, не ақшасын қайтармай, алдап кеткені туралы жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.