Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 11 пәтерді тонаған семейлікті ұстады

ШҚО полицейлері 11 пәтерді тонаған семейлікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қ. ПБ Затон ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында пәтер тонауға қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта ер адам қаланың аумағындағыпәтер ұрлығының 11 фактісіне қатысы бары анықталды. Қаскөй пластикалық терезені қысу арқылы үйге кіріп жүрген. Ол үйде тұрған тұрмыстық техника, бағалы әшекей заттар мен ақшаны ұрлаған.

Күдіктінің ұрланған заттарды Семей қаласының ломбардтарына тапсырғаны анықталды.Қазіргі уақытта барлық істер бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру