Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылған семейлік тағы да есірткілік мас күйінде көлік тізгіндеді

Жүргізуші куәлігінен айырылған семейлік  тағы да есірткі тартқан күйінде көлік тізгініндегені үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 24 тамызында Семей қ. ПБ Затон ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2021″, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, Қаржаубайұлы-Павлов көшелерінің қиылысында Семей қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруымен «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты.

Оның көлігін тінту кезінде ішінде жасыл түсті өсімдік тектес қағазға оралған зат табылып, тәркіленеді.

Маманның актісіне сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 49,35 гр. «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Осыған ұқсас оқиға осы жылдың 29 тамызында орын алды, автокөлік басқарушысының 37 жастағы жүргізушісі есірткіге мас күйінде ұсталды, – деді Семей қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.

Құжаттарды тексеру барысында ер адамның жеті жыл мерзімге құқығынан айырылғаны анықталды, жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру