Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны қорасында есірткі затын жасырған

ШҚО тұрғыны қорасында есірткі затын жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тарбағатай аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері “Қарасора-2021″ және “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде Ақсуат ауылының 35 жастағы тұрғының үйінің ауласында орналасқан сарайдан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес затты тапқан.Анықталған зат маманның актісіне сәйкес “кептірілген марихуана” болып шықты, оның жалпы салмағы 28,82 граммды құрайды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі сірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясына сәйкес 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазалары  көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру