Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киік мүйіздерін сатумен айналысқан ақтөбелік жігіт сотталды

Ақтөбеде киік мүйіздерін сатумен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушы азамат сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушы азамат қылмыстық топпен бірігіп, киік жануарларын атып, мүйіздерін сатумен айналысқан.

Әр мүйізді өзінің жиі тұтынушыларына 60 мың-80 мың теңге аралығында сататын болған. Киік мүйіздер сату барысында ұялы телефон арқылы бір азаматпен сөйлесіп, сататын күнді белгілеп, өзара келіседі.
Кездесу күні деструктивті діни ағым ұстанушы азаматтың қылмыстық ісі әшкереленіп, полиция қызметкерлерімен құрықталды.

​Заңға сәйкес қылмыскерге ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі және 339-бабы 2-бөлігі бойынша бес жыл мерзімге аңшылық қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру