Жыл басынан бері СҚО-да 913 велосипед ұрлығы тіркелді
Жыл басынан бері СҚО-да 913 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннің жылуымен, велосипед ұрлығы да едәуір көбейе түседі. СҚО-да биылғы жылдың 7 айында 913 велосипед ұрлығы тіркелді. Тәжірибе көрсеткендей, ұрлықтың бұл түрі ең көп қар жоқ кезеңде, сәуір мен қараша айларының аралығында жасалады.
Жыл сайын велосипедшілердің қатары артуда, сәйкесінше велосипед ұрлығының саны да ұлғаюда. Оларды қосалқы бөлшектерге бөліп, өзіндік құнынан айтарлықтай төмен бағаға сатады.
Полицейлер атап өткендей, велосипед ұрлықтарының негізгі себептерінің бірі – қолды болған велосипедтердің үй подъездерінде және көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында қараусыз қалуында.
– Өз мүлкіңізді аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыздар. Велосипедті подъездерде, түнгі уақытта үй жанында қалдырмаңыздар, егер сізде арнайы құлыптау құрылғысы болса да, оларды жертөледе немесе пәтерде сақтағандарыңыз абзал. Ұсталған, құжаттары жоқ велосипедтерді сатып алмаған жөн. Естеріңізде болсын, бұндай жағдайда Сіз ұрланған көлік құралының иесі атануыңыз мүмкін. Ол тәркіленуге жатады. Ұрлық орын алған жағдайда, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз, – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.
Полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде өткізіліп жатқан алдын алу іс-шараларының арқасында өткен жылмен салыстырғанда, велосипед ұрлықтарының 13,3 пайызға азаюына қол жеткізілді. Алайда, осыған қарамастан, велосипед ұрлықтары жылы кезеңде жиі жасалатын қылмыстардың бірі болып қала беруде.