Жыл басынан Петропавл криминалистері саусақ іздері бойынша 95 күдіктіні анықтады
Жыл басынан Петропавл криминалистері саусақ іздері бойынша 95 күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. Полиция басқармасының бөлімдерінде 18 криминалист жұмыс істейді. Аталған бөліністің қызметкерлеріне қылмыс орнынан саусақ, аяқ киім, көлік, бұзу құралдарының, биологиялық іздерді алу сияқты міндеттер жүктелген. Олардың кәсібилігіне дәлелдемелер базасының толықтығы, түптеп келгенде қылмыскердің жауапқа тартылуы байланысты.
Петропавл қ. ПБ жедел-криминалистикалық бөлімінің бастығы Тимур Әбділмановтың айтуынша, бұл бөліністегі қызметкерлердің басым бөлігі – жастар, криминалистердің орташа жасы – 23-28 аралығында. Олар жедел-тергеу топтары құрамында жұмыс істеп, қылмыс орындарын тексереді, заттай дәлелдемелермен жұмыс жүргізеді. Криминалистерге логикалық ойлау, жақсы есте сақтау қабілеті, мұқият назар салу, ұқыптылық, шыдамдылық, техникалық құралдарды игеруге деген ұмтылыс керек.
– Криминалистер жүргізетін зерттеу қорытындылары айыптауды ресімдеу кезінде аса маңызды рөл атқарады, – деді Тимур Әбділманов. – Мәселен, көктемде Челюскин көшесіндегі жер үйде ұрлық жасалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталды, алайда, ол өзінің қатысын растаған жоқ. Криминалистермен анықталған терезе жақтауындағы саусақ ізі сотта салмақты дәлелдердің бірі болды.
Петропавл қ. ЖКб криминалистері жеті негізгі зерттеуді жүргізеді: дактилоскопиялық (саусақ іздері бойынша), трасологиялық (аяқ киім, шина, бұзу құралдарының іздері), суық қаруды зерттеу, баллистикалық, жазуды тану, құжаттардың техникалық зерттеуі, сот-портреттік сараптама. Бұнымен қоса, қызметкерлер саусақ іздері, портреттермен жұмыс істеуді жылдамдататын «Образ++» және «Папилон» ақпараттық-іздеу жүйелерімен жұмыс істейді.Жыл басынан қалалық бөліністің криминалистері оқиға орындарын қарауға 1200 рет қатысқан, 2600-ден астам криминалистикалық зерттеу жүргізген. «Папилон» базасы бойынша 95 күдікті анықталып, жәбірленушілермен және куәгерлермен «Образ++» базасы бойынша 100-ден аса адам танылды.