Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО-да билік өкілін қорлаудың 30 фактісі тіркелді

Жыл басынан СҚО-да билік өкілін қорлаудың 30 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері билік өкілдерін қорлағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертеді. Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны айыппұл салу, әкімшілік қамауға алу не қоғамдық жұмыстар жазасына тартылуы мүмкін.

26 қарашаға қараған түні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ер адамды жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін тоқтатқан. Ер адам полицейдің заңды талаптарына қарсылығын білдіріп, тіл тигізген. Кейін ол медициналық куәландыруға жеткізіліп, тексеру қорытындысы оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баппен 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделген.

Жалпы, жыл басынан облыста билік өкілін қорлаудың 30 фактісі тіркелді. Олардың барлығы дерлігі спирттік ішімдіктің әсерінен орын алған. Масаң күйдегі адамдар полиция қызметкерлерімен дауласып, күш көрсетпекші де болған, бұндай 14 жағдай тіркелді.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру