Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізуші анықталды

Түркістан облысының полицейлері жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында әрдайым қарқынды қызмет етіп келеді. Олар күндіз-түні жүргізіп жатқан рейдтер мен тексерулер барысында мыңдаған құқық бұзушыны анықтап, заң аясында тиісті шаралар қабылдайды. Облыс полицейлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған бейнекамералар мен арнайы жылжымалы кешендердің саны артты.

Өткен жылы тәртіп сақшылары жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні және қарсы жолаққа шыққан 700-ге жуық жүргізушіні анықтады. Сонымен қатар жол қозғалысы кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 6000-ға жуық, қауіпсіздік белдігін тақпаған 30 мыңнан астам жүргізуші ұсталды.

Өз кезегінде бұл сандар сақшылардың жұмыс қарқынын күшейткенін, 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін көрсетеді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндірілген ақша көлемі де қомақты.

Мәселен, 2019 жылы бюджетке 1 миллиард 200 миллионнан астам ақша өндірілсе, 2020 жылы 4 миллиард 300 миллионнан аса қаржы мемлекет қазынасына құйылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру