Жылыой аудандық полиция бөліміне 54 жасөспірім жеткізілді
Жылыой аудандық полиция бөліміне 54 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жылыой ауданы аумағында «Жасөспірім» алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында аудандық полиция бөліміне барлығы 54 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен екі хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен – екі хаттама толтырылды.
Сонымен қатар Жылыой ауданы ПБ-нің Ювеналды полиция тобымен білім беру ұйымдары тексеріліп, сабаққа қатыспай жүрген екі жасөспірім анықталды, қолайсыз отбасыдан бір ата-ана есепке алынды. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы бойынша профилактикалық есепте тұрған ата-аналар мен жасөспірімдерді тексеру жұмыстары кезінде 14 жасөспірім және 11 қолайсыз отбасылардың тұрғылықты үй жайлары тексерілді.
– Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады сондай-ақ профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, – деп атап өтті полицейлер.