Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлікке көмек беремін»: Шымкентте кезекті алаяқ құрықталды

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлікке көмек беремін деп тұрғынды алдаған кезекті алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу «мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлікке көмек беремін» деп алдау арқылы сеніміне кіріп, алаяқтық жолымен 300 000 теңгесін алып, осы күнге дейін қайтармай жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру