Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зияткерлік дода: Ақтауда сотталғандар шахматтан жазғы спартакиадаға қатысты

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан жазғы спартакиада өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық іс-шара мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен және Ақтау қаласының спорт саласы өкілдерінің қолдауымен өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сотталғандардың зияткерлік қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жазғы спартакиада аясында өткен шахмат турниріне жалпы саны 30 сотталған қатысып, өзара шеберлік пен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Қатысушылар әр партияда тактикалық дайындықтарын көрсетіп, жеңіске деген ұмтылыстарын байқатты.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шаралар сотталғандардың спортқа қызығушылығын арттырып, тәртіпті нығайтуға және оң әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру