«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» шарасы қорытындыланды: ШҚО-да 61 қолайсыз отбасы есепке қойылды
ШҚО-да әйелдерге қатысты «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында әйелдерге қатысты «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Оның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, олардың полицияға сенімін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.
Акция барысында ШҚО аумағында 1254 қоғамдық іс-шара өткізілді. Акцияның бірінші күні Өскемен қаласындағы «АДК» СОО-да Өскемен қ.ПБ қызметкерлері дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірлесіп «Ақ лента» челленджін өткізді, оның барысында СОО келушілеріне ақ ленталар мен буклеттер таратылды.
Акция барысында ШҚО аумағында азаматтар көп жиналатын жерлерде аталған тақырыпта 238 билбор мен плакат орналастырылды.
Мысалы, дағдарыс орталықтарының телефондары, ӘЗЗҚТ-ның инспекторлары туралы мәліметі бар Өскемен қаласында Н.Назарбаев даңғылы бойынша «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты билборд және Риддер қаласында Тәуелсіздік даңғылы бойынша әйелдерге қатысты «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» билборд орналастырылды.
Облыстың барлық учаскелік полиция пункттерінде ШҚО дағдарыс орталықтары туралы ақпарат мен плакаттар орналастырылды.
Акцияны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері білім беру, денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп, барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау бойынша 35 рейдтік іс-шара жүргізді, 629 қолайсыз отбасы, сондай-ақ 1308 адам тексерілді, оларға қатысты «қорғау нұсқамалары» шығарылды және «құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар» белгіленді. Олардың әрқайсысымен алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Облыстың барлық дағдарыс орталықтарының базасында және барлық аумақтық, қалалық білім беру мекемелерінде отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелерді түсіндіру бойынша сенім телефонының жедел желісі ұйымдастырылды. Оларға түрлі мәселелер бойынша 214 қоңырау келіп түсті, олардың 71-іне заң консультациясы берілді, 18 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Дағдарыс орталығына сегіз баласы бар екі әйел орналастырылды.
Өткізілген республикалық акция шеңберінде 394 қорғау ұйғарымы шығарылды, сот құқық бұзушының мінез-құлқына 56 ерекше талап қойды, 61 қолайсыз отбасы есепке қойылды.