Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Маңғыстау облысында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстау облысында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Маңғыстау облысы аумағында 5 желтоқсаннан бастап “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс шараның алғашқы төрт күнінде облыс бойынша барлығы 2 235 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары 536 үй-жайды, 319 жалға берілетін пәтерді аралап, тексеру жүргізді. Іс-шара аясында профилактикалық есепке алынған 1 436 тұрғын тексерілді.

Ұсақ бұзақылық жасаған 180 адам анықталса, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 216 дерегі тіркелді. Тыныштықты бұзған азаматтарға қатысты 202 әкімшілік хаттама толтырылып, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 327 дерегі анықталды.

Жол сақшыларымен көлікті ішкілікті күйде басқарған 19 жүргізуші анықталып, көлікті қарсы бағытқа шығып басқарған жеті жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Көлік басқару кезінде қарсы бағытқа шығу – жол-көлік оқиғаларын тудыратын бірден-бір құқыққа қайшы әрекеттердің бірі.

Жол қозғалысы ережелерін сақтамаған 380 жаяу жүргіншіге ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 103 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбегендігі үшін әкімшілік кодекстің 600-бабы бойынша жауапқа тартылды.

-Тәртіп сақшылары қазіргі уақытқа күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Басты мақсат – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлылық тудыру. Іс-шара 11 желтоқсанға дейін жалғасын табады, – деп атап өтті Маңғыстау облысының бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру