«ЅТОР-трафик»: Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен 8 қыз анықталды
Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен сегіз қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «ЅТОР-трафик» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған.
Тәртіп сақшыларының ерекше назарында ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар, қонақ үйлер, сондай-ақ адамдарды пайдалану үшін тартуға, ұрлауға, бас бостандығынан заңсыз айыруға байланысты қылмыстарды ашу мақсатында шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілері болды.
Жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде қоғамдық орындарда тиісу бойынша 10 факті анықталды. Екі факті ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жай берудің екі фактісі анықталды. Бұдан басқа, интимдік қызмет көрсеткен сегіз қыз, екі сутенер анықталып, есепке қойылды. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.