Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында хабарсыз кеткен ер адам табылды

Түркістан облысында хабарсыз кеткен ер адам табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркстан облысы Қазығұрт ауданының полицейлері 10 күн бойы хабарсыз кеткен азаматты тәулік ішінде тапты. Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын күйеуі үйінен жұмыс істеймін деп шығып кетіп, содан із-түссіз жоғалғанын хабарлаған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары бірден тіркеуге алды.

Азаматты табу үшін учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Жедел шаралардың арқасында қатардағы полицейлер Бақдәулет Бейсенбай мен Есенғали Төлеген екеуі жоғалған жанның жүрген жерін анықтады. Яғни, оны ауылдардың бірінде мал бағып жүрген жерінен тауып, аман-есен отбасымен қауыштырды.

Өз кезегінде әйелі күйеуінің дін-аман табылғанына қуанып, полицейлерге ерекше алғысын жеткізді. Жас полицейлердің қырағылығына шынайы ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру