Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 43 есірткі сатушы ұсталды

Алматыда 43 есірткі сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет арқылы есірткі сатып, оларды аймақ ішінде жасырумен айналысу үрдісі – өзекті мәселелердің бірі.

– Жыл басынан бері осы қылмыстық әрекет бойынша 43 есірткі сатушы әшкереленіп, оқиға орнында ұсталды. Мысалы, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімше қызметкерлері жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 19 жастағы студентті ұстады. Одан синтетикалық есірткі заты бар 25 полиэтилен бумасы тәркіленді. Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелерінде есірткіні пайдалану мен өткізу деректерін анықтау бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осыған дейін мақсатты іс-шаралардың нәтижесінде түнгі клубтардың бірінде есірткі сатумен айналысқан 21 жастағы бармен ұсталып, оның жұмыс орны мен тұрғылықты жерінде «синтетика» тәркіленгені туралы хабарлаған болатынбыз. Осындай арнайы іс-шараларды қаладағы екі үлкен мейрамханада жасадық. Онда аспаздар есірткі сатумен айналысқан. Олар қамауға алынды, – деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру