Батысқазақстандық ер адамнан есірткі тәркіленді
Батысқазақстандық ер адамнан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде БҚО Сырым ауданында 41 жастағы азамат марихуана есірткі затын сатпақ болған. Оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде төрт қағаз пакет пен жеті сіріңке қорапқа бөліп-бөліп салынған өзіне тән иісі бар өсімдіктекті зат табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 19,98 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізу барысында 41 жастағы азаматтың есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау не өткізу қылмыстық белгілерімен ҚК-тің 297-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша сот оны кінәлі деп танып, бес жыл алты ай ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.