Түркістан облысында қызметтік ит шетелдіктен есірткі тапты
Түркістан облысында қызметтік ит шетелдіктен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекарасы бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті.
Полицейлер анықтағандай, Клементина есімді қызметтік ит Тәжікстан азаматының көлігінде тыйым салынған заттардың бар екеніне белгі берген.Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде оның ВАЗ-2107 автокөлігінің жүксалғышынан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді.
Қорытындыға сәйкес оның гашиш есірткісі екені анықталды. Күдікті қамауға алынды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша (Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.