Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз аңшылықпен айналысқан алты азамат ұсталды

Шымкентте заңсыз аңшылықпен айналысқан алты азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қазанда Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобы және Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу. Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабының жанындағы жазық даладан күндізгі сағат 13:30 шамасында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген алты ер адамды байқайды.

Тәртіп сақшылары олардың қаруларын тексеру кезінде заңды тіркелгені белгілі болды. Алайда еш бірінің аңшылық жасауға рұқсат қағаздары болмаған. Осыған байланысты күдікті 6 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидалаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңмен тыйым салынған құралдарды сатудағы шектеулер туралы толығырақ айтып, заңсыз аңшылықпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру