Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды
Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бұған дейін 4 қаңтарда Астрахан ауданының жеке үйлерінің бірінде бір-бірімен таныс жігіттер мен қыздар жиналды. Алкоголь өнімін ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған. Оның дәлелі – сот-медициналық сараптаманың нәтижелері, зорлау фактісін растайтын дәлелдер. Жәбірленушілердің дене жарақаттары болды.
Келесі күні қыздар зорлаған жігіттің үстінен полицияға арыз жазды. Астрахан полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ПБ тергеушісі Ж.Такенова атқарған жұмыстың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, кейіннен олар сотқа жолданды. 2022 жылғы 14 қазанда Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.