Қызылордада құрылыс заттарын ұрлаған ер адам ұсталды
Қызылордада құрылыс заттарын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлықтың «ізі суымай» ашылды.
3 қараша күні қала тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, сарайының терезесін сындырып, құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын. Тәртіп сақшылары ұрлық дерегін жасаған 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған заттарды иесіне қайтарды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ол басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.