Теміртауда шаш алдыруға келген ер адам ұрлық жасаған
Теміртауда шаш алдыруға келген ер адам ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне қаладағы шаштараз салонында жұмыс істейтін 24 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Азаматша полицейлерге шаштаразға келушілердің біріне қызмет жасап жатқанда өзінің телефонын ғимараттағы үстелге қойып қойғанын, кейін оны біреу ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.