Алаяқ жанармай құю станциясының қызметкерін алдап, ақшасын жымқырып кеткен
Алаяқ жанармай құю станциясының қызметкерін алдап, ақшасын жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
Осы жылдың 30 қазанында Целиноград АПБ-ға жақын маңдағы ауылдардың бірінің 43 жастағы тұрғыны, жанармай құю станциясының қызметкерінің телефон хабарламасы келіп түсті. Әйел белгісіз ер адам Астана – Ерейментау – Шідерті автожолындағы жанармай құю станциясында алаяқтық жолмен 40 мың теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.
Өтініш берушінің айғақтары бойынша қаскөй оған 40 мың теңге көлемінде ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыруды сұраған. Ақша алғаннан кейін ер адам бұл соманы жәбірленушінің Kaspi қосымшасына аударып жатқанына сендіріп, ал оператор басқа сатып алушыларға қызмет көрсеткен кезде жанармай құю станциясынан шығып кетіп, көлікке отырып, қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Қостанай облысының 56 жастағы тумасы болып шықты.
Аталған фактіні полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Келу туралы міндеттеме түрінде процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.