Ақтөбеде жүргізуші полиция қызметкеріне пара бермек болды
Ақтөбеде жүргізуші полиция қызметкеріне пара бермек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбе қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
7 қарашада Әбілқайыр хан даңғылы мен Абай даңғылының қиылысында ЖҚЕ бұзғаны үшін 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Kia CEED автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі бойынша жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полицияға пара ұсынған.
Полиция қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, ақшадан бас тартқан. Принципті берік ұстанған полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.